Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелерін белгiлеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/2-18 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6385 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 6С-49/5-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.05.2020 № 6С-49/5-20 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiнiң 546-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-9/4-12 "Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3597 болып тiркелген, 2013 жылғы 26 қаңтарында аудандық "Ереймен" газетiнде, 2013 жылғы 26 қаңтарында аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е.Имашев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

      24 қаңтар 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы
Ж.Тубеков

      24 қаңтар 2018 жыл

  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 6С-20/2-18 шешiмiне
қосымша

Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері

Салық салу объектiсiнiң атауы

Тiркелген салықтың
бiрыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептiк көрсеткiш)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Карт

2

5.

Бильярд үстелi

3

6.

Ойын жолы

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады