РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5465 тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Господарь |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |
2 ақпан 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Ташенов |
2 ақпан 2018 жыл