Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 6516 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 7ВС-25-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 15.04.2022 № 7ВС-25-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне, жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.

      2. Жақсы аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 17 тамыздағы № 6С-6-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қыркүйектегі "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Ұ.Шакеев
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы ауданының
әкімі
Қ.Сүйіндіков

      2018 жыл "16" 03

      Казақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Жақсы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Коваленко

      2018 жыл "16" 03

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады