Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қарашадағы № 22/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қарашада № 6836 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы (одан әрі - уәкілетті ұйым) – заңды тұлға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініштерді қабылдау және "бір терезе" принципі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға оның нәтижесін беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету;";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      онкологиялық аурумен ауыратындарға;

      туберкулез ауруларына;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

      аз қамтылған азаматтарға, көп балалы отбасыларға;

      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;

      аз қамтылған отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге;

      бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.";

      10 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;";

      12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмейтін уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

      2018 жылғы 6 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады