Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № 5/3 "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қарашадағы № 22/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қарашада № 6837 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 39/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 39/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 9 тамыздағы № 5/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5508 тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.";

      4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган болып "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды (әрі қарай - уәкілетті орган).".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

      2018 жылғы 6 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады