Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7011 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Максимов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі Максимовка ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Ленин көшесі Мұстафа Шоқай көшесіне;

      2) Мир көшесі Жұмабек Тәшенев көшесіне;

      3) Набережная көшесі Оқжетпес көшесіне;

      4) Валентина Терешкова көшесі Нұрлы жол көшесіне.

      2. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі Спасское ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Молодежная көшесі Алаш көшесіне;

      2) Подгорная көшесі Жекебатыр көшесіне.

      3. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі Новый городок ауылының Речная көшесі Жабай көшесіне қайта аталсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Максимов ауылдық
округінің әкімі
Е.Васильцова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады