Целиноград ауданының Қараөткел ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 6645 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Қараөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Қараөткел ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Центральная көшесі Кәукен Кенжетайұлы көшесіне;

      2) Мира көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;

      3) Молодежная көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне;

      4) Советская көшесі Қайым Мұхамедханов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қараөткел ауылдық
округінің әкімі
М.Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады