Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 7С-17/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бурабай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
2. Бурабай аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бурабай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 6С-1/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5291 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірде аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XXIV (кезектен тыс) сессиясының төрайымы |
Л.Тюкачева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ө.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімі | Қ.Қарауылов |
30 қаңтар 2018 жыл