Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 6476 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.01.2019 № 6С-38/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XXV (кезектен тыс)
сессиясының төрайымы
Л.Тюкачева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

      28 ақпан 2018 жыл

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 6С-25/3 шешіміне
1 қосымша

Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленді және Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бурабай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органымен есептелетін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      3. Осы Қағидалар Бурабай ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек:

      1) ақшалай нысанда алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы;

      2) заттай нысанда көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      3) 1 қазан – Қарт адамдар күні;

      4) Қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектер күні.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.10.2018 № 6С-33/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған тұлғаларға;

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға;

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге;

      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға;

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;

      Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.10.2018 № 6С-33/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      1941 жылғы 22-маусымнан – 1945 жылғы 9-мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған тұлғаларға;

      2) саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға;

      3) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге;

      4) Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      5) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін 3 айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      онкологиялық аурулармен ауыратын, стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансфертер есебінен оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған немесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет жылдық оқуын 100 пайыз мөлшерінде төлеуге арналған біржолғы көмек;

      7) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:

      сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі.

      8) Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне, көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен оқуы үшін 100 % мөлшерінде төлеуге;

      9) ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар түрінде.

      Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;

      10) мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.10.2018 № 6С-33/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi жергілікті атқарушы органның келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 16.11.2018 № 6С-34/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгiлiк қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтi;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметті;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бурабай ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Бурабай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 6С-25/3 шешіміне
2 қосымша

Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 қазанда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-40/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4731 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      3. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы № 5С-47/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5066 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      4. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 6С-1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      5. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5398 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      6. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 27 шілдедегі № 6С-6/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5498 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      7. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 28 наурыздағы № 6С-13/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5891 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады