Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 356 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 5961 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      16, 27 және 53-тармақтар алынып тасталсын;

      18-тармақта "Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, 75 мг/мл 4 мл" сөздері "Ингаляцияға арналған Тобрамицин" сөздерімен ауыстырылсын;

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес 24.1-тармақпен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Шешімнің қосымшасындағы 24.1-тармақ 2019 жылдың 1 наурызына дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ә. САРМАНОВА
      Облыстық мәслихаттың
хатшысы
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 356 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетін қосымша дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне енгізілетін толықтыру

Дәрiлiк заттардың атауы (шығару нысаны)

Аурулар

Халық санаты

24.1

Дабрафениб, капсула

Тері меланомасы

диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады