Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.03.2022 № 170 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 10.12.2019 № 340 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 20.12.2018 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2019 № 340 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1. Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 10.12.2019 № 340 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Т. Еренов |
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Б. Таңсықбаев |