Байғанин ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 17 "Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 28 наурызда № 3-4-162 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және 2017 жылғы 2 қарашадағы Байғанин ауданы аумағында жарияланған төтенше жағдайлар бойынша комиссияның актісі негізінде, Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 17 "Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Боранбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады