Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары, индекстері мен тізбесін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 99 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 маусымда № 3-7-168 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары, индекстері мен тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Қобда ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Қобда ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 12 "Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4745 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған);

      2) Қобда ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 77 "Қобда ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 12 "Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5488 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 мамырда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған).

      3. "Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қалдығұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Шермағанбет
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Ақтөбе облысының жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы" ММ басшысы
А. Османгалиев
      21 мамыр 2018 ж.

  Қобда ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 99 қаулысына қосымша

Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары, индекстері мен тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 25.11.2021 № 398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолдары индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-KO-66

Қобда-Сарбұлақ автомобиль жолы

35,0

2

KD-KO-67

"Самара-Шымкент" - Бестау – Жарсай автомобиль жолы

69,1

3

KD-KO-68

Бегалы ауылына кіреберіс жолы

1,7

4

KD-KO-69

Бесқұдық ауылына кіреберіс жолы

1,615

5

KD-KO-70

Білтабан ауылына кіреберіс жолы

1,6

6

KD-KO-71

Талдысай ауылына кіреберіс жолы

0,48

7

KD-KO-72

Әлия ауылына кіреберіс жолы

2,26

8

KD-KO-73

Жарсай-ІІ ауылына кіреберіс жолы

3,04

9

KD-KO-74

Терісаққан ауылына кіреберіс жолы

7,96

10

KD-KO-76

Бестау ауылына кіреберіс жолы

1,08

11

KD-KO-77

Жиренқопа ауылына кіреберіс жолы

1,27

12

KD-KO-78

Көк-үй ауылына кіреберіс жолы

23,31

13

KD-KO-79

Жарық ауылына кіреберіс жолы

3,68

14

KD-KО-80

Құрсай ауылына кіреберіс жолы

8,01

15

KD-KO-82

Өтек ауылына кіреберіс жолы

14,0

16

KD-KO-83

Бұлақ ауылына кіреберіс жолы

14,8

17

KD-KO-84

Егіндібұлақ ауылына кіреберіс жолы

4,81

18

KD-KO-85

Қызылжар ауылына кіреберіс жолы

0,52

19

KD-KO-86

Қанай ауылына кіреберіс жолы

0,93

20

KD-KO-87

Байтақ ауылына кіреберіс жолы

7,2

21

KD-KO-88

Қаракемер ауылына кіреберіс жолы

0,78

Барлығы

203,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады