Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 257 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 тамызда № 3-8-187 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 18 қаңтар 2018 жылы жарияланған) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 15 қаңтар 2018 жылы жарияланған) бұйрықтарына сәйкес, Мәртөк ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-163 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 13 сәуір 2018 жылы жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тлегеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Баирханов

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 257 қаулысына қосымша

Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болу ұзақтығы (сағат)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бір айдағы мемлекеттік білім беру тапсырысы және жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір балаға бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

1

Мәртөк ауылы





№ 1 "Тополек" балабақшасы

10,5

27 236

300


№ 2 "Айгөлек" балабақшасы

10,5

27 236

300


№ 6 "Қарлығаш" балабақшасы

10,5

27 236

300


"Нұрсәт" жеке балабақшасы

10,5

27 236

300

2

Қызылжар ауылы





№ 4 "Балдырған" балабақшасы

10,5

27 236

250

3

Саржансай ауылы





№ 5 "Балбөбек" балабақшасы

10,5

27 236

250

4

Родниковка ауылы





№ 7 "Таңшолпан" балабақшасы

10,5

27 236

250


"Хадиша" жеке балабақшасы

10,5

27 236

250

5

Қаратаусай ауылы





№ 8 "Болашақ" балабақшасы

10,5

27 236

250

6

Жайсаң ауылы





№ 9 "Шапағат" балабақшасы

10,5

27 236

300


"Мансұр" жеке балабақшасы

10,5

27 236

300

7

Қаратоғай ауылы





№ 10 "Еркемай" балабақшасы

10,5

27 236

250

8

Хазірет ауылы





№ 11 "Балауса" балабақшасы

10,5

27 236

250

9

Сарыжар ауылы





№ 12 "Бәйтерек" балабақшасы

10,5

27 236

300


"НұрАйБөбек" жеке балабақшасы

10,5

27 236

300


"Кәусар" жеке балабақшасы

10,5

27 236

300

10

Достық ауылы





"Достық" жеке балабақшасы

10,5

27 236

250

11

Кеңсахара ауылы





"Саид" жеке балабақшасы

10,5

27 236

250

12

Қазан ауылы





"Томирис" жеке балабақшасы

10,5

27 236

250


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады