Темір ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 193 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 26 наурызда № 3-10-178 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 446 шешіммен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 446 шешіммен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-122 тіркелген, 2010 жылғы 5 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Темір аудандық мәслихатының 2017 жылдың 17 ақпандағы № 83 "Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5297 тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Б. АБДЫҒАЛИ
Темір аудандық мәслихатының хатшысы
Б. ІЗБАСОВ

  Темір аудандық маслихатының
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 193 шешіміне қосымша

Темір ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады