2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 569-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 34-202 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2056 тіркелген, 2010 жылдың 24 шілдесінде "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) және "Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" № 34-202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3892 тіркелген, 2016 жылдың 4 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Аграрлық сала, жер қатынастары және экология мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Т. Сарпеков |
Алматы облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Дүйсембінов |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-176 шешімімен бекітілген қосымша |
Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ р.с | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшеу бірліктері | Төлемақы мөлшерлемелері |
1 | Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету | тиын/текше метр | 4,64 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетиканы қоса есептегенде | тиын/текше метр | 30,4 |
3 | Ауылшаруашылығы | тиын/текше метр | 0,92 |
4 |
Су көздерінен су алатын | тиын/текше метр | 8,8 |
5 | Гидроэнергетика | тиын/кВт. сағат | 7,31 |
6 | Су көлігі | тиын/мың шақырым | 0,5 |