Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 31-191 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 желтоқсанда № 4967 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 47-282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 26.05.2020 № 47-282 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Калиновский

  Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 11желтоқсандағы "Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 31-191 шешіміне қосымша

Текелі қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады