Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 7 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 7 желтоқсанда № 4934 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Ақсу ауданы әкімінің "Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 тіркелген, 2015 жылдың 11 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппаратының басшысы Кусмолдин Серик Адильбековичке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Базарханов

  2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 8 Шешімге қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімінің 30.12.2022 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері

      №1 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жансүгіров ауылы, О. Жұмашев көшесі №29, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жансүгіров ауылы, көшелері: Махмұтов №3-тен 19-ға дейін, Уалиханов №3-тен 22-ге дейін, Сәтпаев №1-ден 136-ға дейін, Тәуелсіздік №1-ден 186-ға дейін, Сиқымов №1-ден 101-ге дейін, Әліпбеков №2-ден 8-ге дейін, Жидебаев №1-ден 25-ке дейін (тақ жағы), №2-ден 54-ге дейін (жұп жағы), Шоңай батыр №38-ден 207-ге дейін, Айтжанов №4-тен 20-ға дейін, Сақалбаев №1-ден 11-ге дейін, Еркенов №1-ден 45-ке дейін, Жұмашев №42-ден 128-ге дейін.

      №2 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №8, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жансүгіров ауылы, көшелері: Нұрбопа №1-ден 79-ға дейін, Қалилаханов №2-ден 85-ке дейін, Әуезов №1-ден 54-ке дейін, Қ. Мұқашев №2-ден 12-ге дейін, Еркінбеков №2-ден 37-ге дейін, Мұратбаев №2-ден 13-ке дейін, Ермектасов №1-ден 5-ке дейін, Кедесов №1-ден 10-ға дейін, Жамбыл №2-ден 37-ге дейін, Бұланов №3-тен 38-ге дейін, Ә. Молдағұлова №1-ден 13-ке дейін, Желтоқсан №9-дан 29-ға дейін (тақ жағы), Желтоқсан №1А, 4, Қабанбай батыр №2-ден 18-ге дейін (жұп жағы), №1-ден 35-ке дейін (тақ жағы), Момышұлы №1-ден 12а-ға дейін, Терібаев №2-ден 43-ке дейін, Есеболатов №1-ден 102-ге дейін, Ангалова №6-дан 12-ге дейін, Уәлиұлы №1-ден 39-ға дейін, Құсмолдин № 1-ден 6-ға дейін, Майлин №2-ден 33-ге дейін, Жидебаев №33-тен 41-ге дейін (тақ жағы), №56-ден 108-ге дейін (жұп жағы), Бөрібай батыр №33-тен 55-ке дейін, Масимов №36-дан 50-ге дейін, Е. Маманұлы №2-ден 60-ге дейін.

      № 3 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі №42, "Ақын Сара" жастар мәдени орталығы.

      Шекарасы: Жансүгіров ауылы, көшелері: Желтоқсан №8-ден 48-ге дейін (жұп жағы), №33-тен 63-ке дейін (тақ жағы), Қабанбай батыр №20-ден 40-қа дейін (жұп жағы), №41-ден 65-ке дейін (тақ жағы), Пушкин №1-ден 17-ге дейін, Төлебаев № 1-ден 56а-ға дейін, Амангелді №1-ден 59-ға дейін, Айтқожин №1-ден 9-ға дейін, Сүлейменов №1-ден 4-ке дейін, Бұхарбаев №1-ден 77-ге дейін, Кенжебаев №1-ден 16-ке дейін, Ақын Сара №1-ден 33-ке дейін, Толғанбай ақын №1-ден 71-ге дейін, Р. Рахымбекова №1-ден 33-ке дейін, Абай №1-ден 14-ке дейін, Жандосов №2-ден 29-ға дейін, Әубәкіров №1-ден 21-ге дейін, Омарұлы №1-ден 21-ға дейін, Жансүгіров №1-ден 14-ке дейін, Жидебаев №43-тен 51-ге дейін (тақ жағы).

      №4 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көкөзек ауылы, Алтынсарин көшесі №1, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Көкөзек ауылы.

      №5 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Алтынарық ауылы, Абай көшесі №1, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракемер орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Алтынарық ауылы.

      №6 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Энергетик ауылы, О. Кошевой көшесі №4, Ақсу аудандық электрожүйелерінің ғимараты.

      Шекарасы: Энергетик ауылы.

      №7 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Есеболатов ауылы, Жамбыл көшесі №40, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ңұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ГЭС бастауыш мектебін қосқанда.

      Шекарасы: Есеболатов ауылы.

      №8 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қызылқайың ауылы, Бұхар Жырау көшесі №7, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызылқайың бастауыш мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қызылқайың ауылы.

      №9 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Еңбек ауылы, М. Ермектасов көшесі №35, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Еңбек ауылы.

      №10 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Тарас ауылы, Тәуке хан көшесі №9, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тарас негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Тарас ауылы.

      №11 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Кеңжыра ауылы, Әкімшілік көшесі №28, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Кеңжыра ауылы.

      №12 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қаракөз ауылы, Жамбыл көшесі №19, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қаракөз ауылы.

      №13 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Кеңғарын ауылы, Шірікарал көшесі №35, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кеңғарын орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Кеңғарын ауылы.

      №14 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жаңалық ауылы, Шатырбай Бәтенов көшесі №1, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жаңалық ауылы.

      №15 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Сағабүйен ауылы, Абылайхан көшесі №26, Сағабүйен ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Сағабүйен, Сағакүрес ауылдары.

      №16 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қарашілік ауылы, Қастекбаев көшесі №7А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарашілік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қарашілік ауылы.

      №17 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ойтоған ауылы, Жәнәбіл көшесі №12, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Ойтоған ауылы.

      №18 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Үлгілі ауылы, Талдыөзек көшесі нөмерсіз, жекеменшік үй

      Шекарасы: Үлгілі ауылы.

      №19 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Б. Сырттанов ауылы, О.Жандосов көшесі №1, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Б. Сырттанов ауылы.

      №20 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қопа ауылы, Балтабай көшесі №1, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қопа ауылы.

      №21 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ақсу ауылы, Айсеркенов көшесі №13, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Ақсу, Казсельхотехника, Қазақстан, Өнім ауылдары.

      №22 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көкжайдақ ауылы, А. Жиенбаев көшесі №13А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шолақөзек бастауыш мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығын қосқанда.

      Шекарасы: Көкжайдақ ауылы.

      №23 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Шолақөзек ауылы, Қосағаш көшесі №2, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шолақөзек бастауыш мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығын қосқанда.

      Шекарасы: Шолакөзек ауылы.

      №24 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ақтөбе ауылы, Ақтөбе көшесі №3, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Юрий Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе, Баласаз бастауыш мектептерін қосқанда.

      Шекарасы: Ақтөбе ауылы.

      №25 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Баласаз ауылы, Баласаз көшесі, №5, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Юрий Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе, Баласаз бастауыш мектептерін қосқанда.

      Шекарасы: Баласаз ауылы.

      №26 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ащыбұлақ ауылы, Достық көшесі №22 А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Ащыбұлақ ауылы.

      №27 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Суықсай ауылы, С. Омаров көшесі №10 А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Юрий Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе, Баласаз бастауыш мектептерін қосқанда.

      Шекарасы: Суықсай ауылы.

      №28 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арасан шекара заставасы, 2484 әскери бөлімі.

      Шекарасы: Арасан шекара заставасы, 2484 әскери бөлімі.

      №29 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арасан ауылы, Тұрғанбек көшесі №19, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда.

      Шекарасы: Арасан ауылы.

      №30 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қызылжар ауылы, Қызылжар көшесі №17, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда.

      Шекарасы: Қызылжар ауылы.

      №31 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қапал ауылы, Алыбаев көшесі №21, Қапал ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Қапал ауылы, көшелері: Сейфуллин №1-ден 42-ге дейін, Орманов №1-ден 30-ға дейін, Әділбеков №1-ден 15-ке дейін, Жәлел №1-ден 12-ге дейін, Аққайың №1-ден 15-ке дейін, Достық №1-ден 19-ға дейін, Қабанбай батыр №1-ден 30-ға дейін, Ескелді би №1-ден 38-ге дейін, Мұқанов №1-ден 34-ке дейін, Аль-Фараби №1-ден 64-ке дейін, Маметова №1-ден 62-ге дейін, Абылайхан №1-ден 61-ге дейін, Иманов №1-ден 61-ге дейін, Алыбаев №1-ден 36-ға дейін, Төлебаев №1-ден 26-ға дейін, Тоқтаров №1-ден 16-ға дейін, Майлин №1-ден 8-ге дейін, Дулатов №1-ден 7-ге дейін, Жандосов №1-ден 25-ке дейін, Кудерин №2-ден 16-ға дейін, Ә. Молдағұлова №1-ден 61-ге дейін, Бокин №1-ден 22-ге дейін, Абай №1-ден 18-ге дейін, Уалиханов №1-ден 7-ге дейін, Ақын Сара №2-ден 54-ке дейін (жұп жағы).

      №32 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қапал ауылы, Жібек жолы көшесі №15, "Жетісу облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қапал кәсіптік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қапал ауылы, көшелері: Т. Бигелдинов №1-ден 64-ке дейін, Момышұлы №1-ден 78-ге дейін, Сәтпаев №2-ден 34-ке дейін, Жұмабаев №1-ден 57-ге дейін, Жібек жолы №1-ден 51-ге дейін, Алдабергенов №1-ден 20-ға дейін, Әубәкіров №1-ден 15-ке дейін, Тәнеке батыр №1-ден 68-ге дейін, Жансүгіров №1-ден 15-ке дейін, Әуезов №1-ден 18-ге дейін, Алтынсарин №1-ден 12-ге дейін, Бейбітшілік №1-ден 19-ға дейін, Иманов №40-тан 64-ке дейін, Ақын Сара №1-ден 85-ке дейін (тақ жағы), №56-дан 78-ге дейін (жұп жағы).

      №33 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көшкентал ауылы, Амангелді көшесі №30, Көшкентал ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Көшкентал ауылы.

      №34 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көлтабан ауылы, Орталық көшесі №15, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Көлтабан ауылы.

      №35 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қызылағаш ауылы, Жастар көшесі №10, Қызылағаш ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Қызылағаш ауылы.

      №36 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ақтоған ауылы, Дөсет ата көшесі №17, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызылағаш негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Ақтоған, Қопалы ауылдары.

      №37 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Алажиде ауылы, Мектеп көшесі №3А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алажиде негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Алажиде ауылы.

      №38 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Молалы ауылы, Сексенбай көшесі №25А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Молалы ауылы, Қараой, Қайрақты разъездері.

      №39 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Егінсу ауылы, Алтынсарин көшесі №22, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Егінсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Егінсу ауылы, Құмтөбе разъезі.

      №40 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Құрақсу ауылы, Қ. Мұқашев көшесі №7, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Құрақсу ауылы.

      №41 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Матай ауылы, Депо көшесі №1, Матай пайдалану локомотив депосының мәдениет үйі.

      Шекарасы: Матай ауылы, көшелері: Шығыс орамы 1, Шығыс орамы 2, Шығыс орамы 3, Шығыс орамы 4, Шығыс орамы 5, Шығыс орамы 6, Шығыс орамы 7, Депо, Тынышбаев, Қазбек би; Ақөзек, Жасқазақ, Береке разъездері.

      №42 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Матай ауылы, Бейсенбеков көшесі №4 А, "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Матай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Матай ауылы, көшелері: Батыс орамы 1, Батыс орамы 2, Батыс орамы 3, Батыс орамы 4, Оңғарбаев, Медведь, Нұрпейсов, Молықбай.

      № 43 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Матай ауылы, Қисабек көшесі №13, ірілендірген Ақтоғай жол дистанциясының Матай учаскесі.

      Шекарасы: Матай ауылы, көшелері: Тоқабаев, Бейсенбеков, Солтүстік, Қожахметов, Қаптағаев, Қисабек, Құрманғалиев.

      № 44 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жансүгіров ауылы, Жидебаев көшесі № 104А, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жетісу облысының полиция департаменті Ақсу ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жетісу облысының полиция департаменті Ақсу ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады