Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 47-223 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 23 қаңтарда № 5031 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасы Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 505 және 506 баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Жетісу облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 01.11.2022 № 28-141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Керімбаев
      Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы С. Жұрын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады