Іле ауданы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 35-164 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 желтоқсанда № 4932 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) 510-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Іле ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 13-48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім 2019 жылдын 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төраға С. Давлетов
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады