Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 35-166 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 желтоқсанда № 4966 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 58-244 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 58-244 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Іле ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Іле аудандық мәслихатының "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы С. Давлетов
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

  Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы "7" желтоқсан "Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 35-166 шешіміне қосымша

Іле ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатусуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы(боулинг)

25

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

10

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады