Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38-4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 8 қаңтарда № 4990 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 54-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 54-6 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасы сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының "Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Қ. Баяманов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Көшкімбаев

  Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы "27" желтоқсандағы "Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 38-4 шешіміне қосымша

Қарасай ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік
көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы

25

5

Карт

4

6

Бильярд үстелі

5

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады