Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 23.04.2021 № 7-30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының "Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауданық мәслихатының сессия төрағасы | Г. Куйкалакова |
Қаратал ауданық мәслихатының хатшысы | Б. Смаилов |