Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 46-175 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 желтоқсанда № 4955 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 68-242 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 68-242 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының "Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауданық мәслихатының сессия төрағасы Г. Куйкалакова
      Қаратал ауданық мәслихатының хатшысы Б. Смаилов

  Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 46-175 шешіміне қосымша

Қаратал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/

Салық салу объектісінің
атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштерімен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

4

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспанғанда, уәкелетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады