Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 12.05.2021 № 5-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 504, 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Көксу ауданы мәслихатының | |
төрағасы | К. Жунусов |
Көксу ауданы | |
сессия мәслихатының хатшысы | А. Досымбеков |