Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 12 қарашадағы № 248 қаулысы. Түркістан облысы Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 14 қарашада № 4778 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "12" қараша
№ 248 қаулысына қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

Жарыстардың атаулары

Орын

Төлем көлемі (айлық есептік көрсеткіш)

Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

200 АЕК дейін

2-орын

150 АЕК дейін

3-орын

125 АЕК дейін

4-орын

110 АЕК дейін

5-орын

95 АЕК дейін

6-орын

80 АЕК дейін

лицензия

50 АЕК дейін

Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

125 АЕК дейін

2-орын

100 АЕК дейін

3-орын

85 АЕК дейін

4-орын

65 АЕК дейін

5-орын

50 АЕК дейін

6-орын

40 АЕК дейін

Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен)

1-орын

125 АЕК дейін

2-орын

100 АЕК дейін

3-орын

80 АЕК дейін

Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлерінен)

1-орын

80 АЕК дейін

2-орын

50 АЕК дейін

3-орын

40 АЕК дейін

Азия ойындары (жазғы, қысқы), Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

1-орын

100 АЕК дейін

2-орын

85 АЕК дейін

3-орын

80 АЕК дейін

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

85 АЕК дейін

2-орын

65 АЕК дейін

3-орын

50 АЕК дейін

Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен), Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық Азия ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

80 АЕК дейін

2-орын

50 АЕК дейін

3-орын

40 АЕК дейін

Жастар арасындағы әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен)

1-орын

65 АЕК дейін

2-орын

50 АЕК дейін

3-орын

40 АЕК дейін

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен), жастар арасындағы Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен), Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлерінен)

1-орын

50 АЕК дейін

2-орын

40 АЕК дейін

3-орын

25 АЕК дейін

Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы)

1-орын

40 АЕК дейін

2-ші, 3-ші орындар

25 АЕК дейін

Жастар ойындары (жазғы, қысқы), жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен)

1-орын

25 АЕК дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады