Тараз қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 тамыздағы № 34-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 тамызда № 3930 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 27.03.2020 № 55-6 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрайымы Ж. Орынбаева
      Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Құлекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 34-4 шешіміне қосымша

Тараз қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

2.

Бильярд үстелі

6

3.

Тараз қаласы аумағында орналасқан айырбастау пункттері

30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады