Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 67 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 3912 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарымолдаев ауылдық округі, Сарымолдаев ауылының көше атаулары өзгертілсін:

      1) Автобазовская көшесі Болашақ көшесіне;

      2) Садовый 2-бұрылысы Азаттық көшесіне;

      3) Базарный бұрылысы Зерде көшесіне;

      4) Восточный көшесі Жерұйық көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Мамбетовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады