Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 26.05.2020 № 59-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодесінің 546-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мойынқұм ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы мәслихатының аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органрында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Саурықов |
Мәслихат хатшысы | Ш. Исабеков |
Мойынқұм аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 26 қарашадағы № 32-3 шешіміне қосымша |
Мойынқұм ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден көпойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |