Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 03 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 3887 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мойынқұм ауданы, Аксүйек ауылының көше атаулары өзгертілсін:

      Труд көшесі Еңбек көшесіне;

      Комсомольская көшесі Алакөл көшесіне;

      Строительная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      Северная көшесі Сұңқар көшесіне;

      Шахтерская көшесі Кеншілер көшесіне;

      Степная көшесі Ақдала көшесіне;

      Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      Советская көшесі Хан тағы көшесіне;

      Пионерская көшесі Жастар көшесіне;

      Фурманова көшесі Ботаборым көшесіне;

      Киевская көшесі Наурыз көшесіне;

      Крайняя көшесі Шалғай көшесіне;

      Дальная көшесі Астана көшесіне;

      Западная көшесі Батыс көшесіне;

      Строительный бұрылысы Құрылысшы көшесіне;

      Дорожная көшесі Жолшы көшесіне;

      Восточный микрорайон көшесі Шығыс көшесіне;

      Южный бұрылысы Оңтүстік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Е. Нұрланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады