Қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 18/162 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 қарашадағы № 23/206 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 қарашада № 5009 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 40/327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.06.2020 № 40/327 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 30 наурыздағы № 18/162 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 болып тіркелген, 2018 жылғы 04 мамырдағы № 43-44 (12727) "Балқаш өңірі", 2018 жылғы 04 мамырдағы № 40-41 (1719)) "Северное Прибалхашье", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 04 мамырда жарияланған) шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы К. Тейлянов

  Қалалық мәслихатының 2018 жылғы
  01 қарашадағы № 23/206 шешіміне
  қосымша
  Қалалық мәслихатының 2018 жылғы
  30 наурыздағы № 18/162 шешіміне
  қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері (айлық есептік көрсеткіште)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

8

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

8

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады