Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 04.06.2020 № 400 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қаражал қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 118 "Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-5-64 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 ақпандағы № 7 "Қазыналы өңір" газетінде жариялаған);
2) 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 83 "Қаражал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы XIII сессиясының "Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 118 шешіміне толықтыру енгiзу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2110 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 26 қаңтардағы № 3 "Қазыналы өңір" газетінде жариялаған).
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХІІ сессиясының төрағасы | Т. Теміров |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 204 шешіміне қосымша |
Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері, айына (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 10 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 30 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 6 |
7. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 25 |