Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 290 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 4841 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2741 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі "Шарайна" № 38 (2125) газетінде және 2014 жылғы 29 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесінде:

      1 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      2-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";

      18 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5 және 18-6 тармақтармен толықтырылсын:

      "18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      18-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      18-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Қ.Қ. Жанасылова) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Тоқымбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады