Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 1724/39 шешімімен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546-бабана және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сай салық салу нысаны бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
Ж. Мамерханова |
"Келісілді"
"Қарағанды облысы бойынша |
Мемлекеттік кірістер Департаменті |
Шахтинск қаласы бойынша |
мемлекеттік кірістер басқармасы" |
республикалық мемлекеттік мекемесінің |
басшысы |
А. Орынбеков |
2018 жылғы 29 маусым
Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы кезектен тыс XXII сессиясының № 1520/22 шешiмiне қосымша |
Шахтинск қаласының және оған жақын кенттердің аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемесінің көлемдері
№ | Салық салу нысанының атауы | Бір айда айлық есептік көрсеткіште тіркелген салық мөлшерлемесі |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |
7 | Астана, Алматы қалалары және арнайы аймақтан басқа елді мекендерде орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 10 |