Ынталы ауылдық округінің Ынталы ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 117 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 4697 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 01.10.2018 № 328 (оның алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылының аумағында жылқылар арасында ринопневмония және салмонеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Т.Ж. Көпжасаров

      2018 жыл 09 сәуір.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады