Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 18.06.2020 № VI-57/485 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы XXI сессиясының № VI- 21/181 "Қарқаралы ауданында 2018 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4503 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 қаңтардағы № 5-6 (11630) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 8 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Дюсембаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № VI - 25/222 шешіміне қосымша |
Қарқаралы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына тiркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептiк көрсеткiштер) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4 | Ойын жолы | 7 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |