Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 24.02.2022 № VII-15/122 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 21.06.2018 № VI-29/263 шешімімен.3. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бейсенбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
2018 жылғы 21 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарқаралы ауданының жер |
қатынастары, сәулет және қала |
құрылысы бөлімі" мемлекеттік |
мекемесінің басшысы |
А. Наушабаев |
2018 жылғы 21 маусым