Мартбек Мамыраев ауылдық округі Жаңанегіз елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 4932 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 19.12.2018 № 4 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мартбек Мамыраев ауылдық округі Жаңанегіз елді мекенінде ірі қара малы арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімі К. Жантурин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитететінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Т.Ж. Көпжасаров

      2018 жыл 04 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады