Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 548 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 6458 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 3 қорытындысына сәйкес Тасбөгет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің келесі көшелері:

      1) Сарыарқа көшесі "Елубай Қосжанов" есімімен;

      2) Жобалау көшесі "Серік Өтеуов" есімімен;

      3) Сырдария көшесі "Аманкелді Әбдібаев" есімімен қайта аталсын.

      2. Қызылорда қаласының, Тасбөгет кентіндегі С.Майханова көшесімен қатар орналасқан атауы жоқ көшеге "Талап Мұқышев" есімі берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары Ж.Байхадамовқа жүктелсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Тасбөгет кентінің әкімі П. Шамуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады