Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 404 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 546-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 244 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 4758 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған) жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының | |
2018 жылғы "10" сәуірдегі | |
кезекті ХХІІІ сессиясының | |
№ 186 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бильярд үстелі | 3 |