Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 188 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 6278 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Қазалы ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 18.11.2022 № 298 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 87 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5771 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2017 жылғы 1 сәуірдегі №28 және 2017 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХІІІ сессиясының төрағасы:
Н.Имандосов
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы:
Ғ.Әліш
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ Ф.Қожабергенов
"10" сәуір 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады