Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 35-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 6647 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 22-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 22-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5тармағына, 704-бабының 3-тармағына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
35-cессиясының төрағасы
М.ЖАМАНОВ
      Жалағаш аудандық мәслихатының
хатшысы
М.ЕСПАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады