Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қазандағы № 271 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 6486 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 375 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 13.11.2019 № 375 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (әрі қарай - мамандар) отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау).

      2. Мамандарға әлеуметтік қолдауды тағайындауды “Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау алу үшін мамандар “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 23-қосымшасымен бекітілген “Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Әлеуметтік қолдау мамандар қажетті құжаттардың топтамасын ұсынғаннан кейін тағайындалып, ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес төленеді.

      5. “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы” 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 310 Жаңақорған аудандық мәслихаты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5177 нөмірімен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2015 жылы 17 қазандағы №81 және 24 қазандағы №83 нөмірлерінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының
кезектен тыс ХХV сессиясының төрағасы
З. Абжалелова
      Жаңақорған аудандық мәслихатының
хатшысы
Е. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады