Ескерту. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 18.03.2020 № 400 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң 546-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметiн Сырдария ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерiнiң мөлшерлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихатының | |
2018 жылғы 15 маусымдағы | |
№ 206 шешiмiне қосымша |
Қызметiн Сырдария ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерiнiң мөлшерлерi
№ | Салық салу объектiсiнiң атауы | Тiркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерiнiң мөлшерлерi (айлық есептiк көрсеткiштерде) |
1. | Бiр ойыншымен өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелi | 3 |