"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 123 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы № 226 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 тамызда № 6417 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 430 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 16.09.2020 № 430 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 123 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5972 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 06 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      8-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс денгейінен аспайтын аз қамтылған отбасылардан (азамат) шыққан балалар.

      Өңірге қажет мамандықтар бойынша білім алушылардың оқу ақыларын төлеуге және тамақтану мен тұру шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек мынадай мөлшерде көрсетіледі:

      колледж және жалпы білім беретін мектептен кейін күндізгі оқу нысанында "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін – жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған “Магистр” академиялық дәрежесін алу үшін жылына бір рет, 420 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын даярлау үшін жылына бір рет, 530 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.

      Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлер уәкілетті органға қажетті құжаттарды тиісті жылдың 25 тамызына (қоса алғанда) дейін ұсынады.

      Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмек алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады.

      Әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және уәкілетті органға төлеу туралы түбіртекті ұсынады.

      Келесi оқу жылдарға әлеуметтік көмек жыл сайын тиісті оқу жылының басында төленеді.

      Денсаулығына байланысты академиялық демалыста болған әлеуметтік көмек алушы оқуға қайтадан оралғаннан кейін, одан әрі оқуға әлеуметтік көмек алуға болады.

      Әлеуметтік көмек алушы себепсіз, жүйелі түрде оқуға қатыспағаны немесе үлгірімі төмен болуына байланысты жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда, оқуға төленген сомалары жергілікті бюджетке ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
25 сессиясының төрағасы:
Ж.Ембергенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Т.Дүйсебаев
15 тамыз 2018 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады