Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 74 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 мамырда № 3601 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 23 қаңтардағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2016  жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 314 "Мәдениет, мәдениет және өнер саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін қызметі салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16143 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 396 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16128 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 233 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3143 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:  

      4 тармақта:

      6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) негізгі персоналдың барлық біліктілік деңгейлеріндегі мамандары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 "Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13179 болып тіркелген).";

      5 тармақта:

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) негізгі персоналдың барлық біліктілік деңгейлеріндегі мамандары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 "Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13179 болып тіркелген).".

      3. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Нұрғалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетің атқарушы С. Аманғалиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының экономика

      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Х.Х. Нұрғалиева

      "18" 04 2018 ж.

 
  2018 жылғы 18 сәуірдегі
№ 74 Маңғыстау облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
2015 жылғы 1 мамырдағы
№ 160 Маңғыстау облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады