Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 330 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қаңтарда № 3771 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Заңының 5 бабының 7) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірдегі "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      Ақтау қаласы бойынша:

      реттік нөмірлері алтыншы және жетінші жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

"Атлас туризм" дүкені

27 шағын аудан, 71 үй, 24 пәтер

      ".

      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады