Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірде № 2653 болып тіркелді.

      "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қаласының әкімі

      Е.Т. Жанбыршин

      23 ақпан 2015 ж.

      Бейнеу ауданының әкімі

      Б.А. Әзірханов

      23 ақпан 2015 ж.

      "Маңғыстау облысының

      дін істері басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.Ж. Есбергенов

      23 ақпан 2015 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 33 қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.11.2016 № 336 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.10.2017 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.10.2019 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.


 
Діни әдебиетті сататын
үй-жайлардың атауы
Орналасқан орны

Ақтау қаласы бойынша
1.

"Достық" сауда үйі

26 шағын аудан

2.

"Светоч" кітап дүкені

11 шағын аудан, 22 үй, 5 пәтер

3.

"Светоч" кітап дүкені

5 шағын аудан, 7 үй, 26 пәтер

4.

"Рита" кітап дүкені

11 шағын аудан, 35 үй, 77 пәтер

5.

"Рита" кітап дүкені

5 шағын аудан, 4 үй, 1-2 пәтер

6.

Алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.12.2018 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7.

Алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.12.2018 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8.

"Атлас туризм" дүкені

27 шағын аудан, 71 үй, 24 пәтер

9.

"Олжа" сауда үйі

30 шағын аудан, 170 пәтер

10.

"Ақтау" сауда ойын-сауық кешені

16 шағын аудан, "Ақтау" сауда
ойын-сауық кешені, 1- қабат, "Сафи" сауда орны

10-1

Алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.08.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

10-2

"Alikhan muslim shop" дүкені

Шығыс-1 шағын ауданы, 279 ғимарат, "Маңғыстау" ойын-сауық кешені, 1 қабат, № 24 бутик

10-3

"Yasin Aktau" дүкені

Шығыс-1 шағын ауданы, 279 ғимарат, "Маңғыстау" ойын-сауық кешені, 2 қабат, № 0-10 орын

10-4

"Kitapal" дүкені

Ақтау қаласы, 18а шағын ауданы, № 3 үй, № 58 тұрғын емес үй-жай

Бейнеу ауданы бойынша
11.

Алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.02.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

12.

"Дана" супермаркеті

Бейнеу ауылы, Бейбарыс көшесі

13.

"Аян" дүкені

Бейнеу ауылы, Қашаған көшесі
№ 47 үй

Жаңаөзен қаласы
14.

"Жібек жолы" сауда орталығы № 39 бутик

Арай шағын ауданы, Маңғыстау 3 даңғылы

15

"Ummastore" дүкені

Арай шағын ауданы, Маңғыстау даңғылы, 8 құрылыс, "Сұлу" сауда орталығы, 2 қабат, № 13 бутик

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады