Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 371 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 маусымда № 3663 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 857 ""Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2541 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2014 жылғы 27 қарашадағы № 967 ""Қызылсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2563 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (Б. Овезов) осы қаулының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Респулткасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Овезовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Дауылбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қызылсай ауылы әкімі

      Б. Изджанов

      "15" маусым 2018 жыл

      Рахат ауылының әкімі

      Б. Нұржауов

      "15" маусым 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады