Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 10-09-1632 ұсынысының негізінде Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 24/236 "Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2598 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 ақпанында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерінде "Аймақтар сипаттамасы" бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"I аймақ: Бұл аймаққа төртінші аймаққа кіретін "Тоқмақ мүйісі" (32 километр теңіз жағалауымен созылып жатқан) басқа Құрық ауылының теңіз жағалауындағы барлық жерлері жатады.
II аймақ: Екінші аймаққа Құрық ауылының шығыс беті (Қызылқұм мүйісі) жатады, сонымен қатар ауылды батыс бөлігі, оның ішінде өнеркәсіп аумағы және жел электростанциясының алаңы жатады.
III аймақ: Үшінші аймаққа Құрық ауылының оң түстігіне бағытталып созылған тұрғын аймағы жатады. Бұл аймақта Сәтпаев, Қазақ ауыл, Жолшы массив, Барлаушы массив, Уалиханов, Жангельдин, Маметова, Сәлімжан, Автобаза, Авиатор, Алиев, Абай көшелері және 3А, 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандары жатады.
IV аймақ: Төртінші аймақ Ералиев станциясы орналасқан Құрық ауылының солтүстік-батыс бөлігі. Оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде 32 километр теңіз жағалауымен созылып жатқан "Тоқмақ мүйісі" және ауыл шаруашылығы жерлері орналасқан.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Д.Сабытова).
3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е.Есенқосов |
Аудандық мәслихат хатшысының | |
өкілеттігін жүзеге асырушы | Д. Сабытова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Таубаев Алпысбай Бұрханұлы
19 маусым 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Оразов Бахыт Ыдырысұлы
19 маусым 2018 жыл